
4 маусым 2025 жылы Азаматтық Авиация Академиясының профессоры З. Баданбекқызының жетекшілігімен және сеньор – лекторлар Кашкинбаева К.С., Жунусова Д.А. ұйымдастыруымен «Ғылым және білім беру интеграциясы: жоғары оқу орындарында World Cafe (Әлемдік Кафе) форматында интерактивті және зерттеу әдістерін енгізудің тиімділігі» «Оқытудың жаңашыл әдістерін жетілдіру және білім беру үрдісіне енгізу» секциясы негізінде «Ұлттық рух – білім негізі» «Бір кесе самаурын шайы үстіндегі ойталқы» әдістемесі (World Café технологиясы негізінде) халықаралық семинар тренинг өткізілді. Семинар тренингке Қазақстанның белгілі Жоғары оқу орындарының (Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (ҚазҰУ), Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университеті (ҚазХҚ және ӘТУ), Алматы Энергетика және байланыс Университеті (АЭБУ), Қазақ Мемлекеттік Қыздар Ұлттық Педагогикалық Университеті (ҚазМҚҰПУ)) профессор оқытушылары мен басшылық өкілдері қатысты.
Семинар-тренингтің мақсаты: Ұлттық рухты білім негізі ретінде тану арқылы педагогикалық процесстерге “Бір кесе самаурын шайы үстіндегі ойталқы (discussion) әдістемесі” форматында жаңаша көзқарас, пікір алмасу арқылы креативті ойлау, кәсіби даму алаңын қалыптастыру және қазақи мәдениетке негіздей отырып тәжірибеден өткізу және ұлттық құндылықтар мен заманауи білім берудің сабақтастығын талқылау.
Семинар-тренингтің ерекшелігі : ашық аспан астында, ауылдық табиғи ортада, дәстүрлі самаурын шайымен, бейресми диалог мәдениетін ұлттық болмыспен байланыстыру арқылы, педагогикалық қоғамдастық жаңа форматтағы шығармашылық алаңда қатысушылар тек тыңдаушы ғана емес қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бірлескен ойдың, шешімнің авторына айналып, ұлттық құндылықтар мен заманауи педагогиканы тоғыстырған интерактивті форматты қолдана отырып,еркін пікір алмасу атмосферасында жұмыс істеді.